«Қайырымдылық керуені»

Ақтөбе қалалық орталық мешіті «Қайырымдылық керуені» шарасы барысында 100 шаңыраққа көмек көрсетті. Бұл шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қалалық  орталық мешіттің бас имамы Н.Күзенбаевтың жетекшілігімен қала мешіттері «Қайырымдылық керуені» барысында 100 отбасына жалпы бағасы 553 000 теңге болатын азық-түлік жеткізді. Олар — пандемия кезінде жұмысынан айырылып, көмекке мұқтаж болып отырған отбасылар. … Әрі қарай оқу «Қайырымдылық керуені»